Indesit EWDD 7125 CIS Instruções de Utilização Página 21

  • Descarregar
  • Adicionar aos meus manuais
  • Imprimir
  • Página
    / 24
  • Índice
  • MARCADORES
  • Avaliado. / 5. Com base em avaliações de clientes
Vista de página 20
21
KZ
Температураны орнату
Жуу температурасын орнату үшін ТЕМПЕРАТУРА тұтқасын бұрыңыз (Жуу циклдарының кестесін қараңыз).
Температураны азайтуға немесе тіпті суық жууды орнатуға болады .
Кір жуғыш машина әрбір жуу циклы үшін орнатылған ең көп мәннен жоғары температураны таңдауға автоматты
түрде кедергі жасайды.
! Қиыс жағдай:
2 бағдарламасы таңдалса, температураны 60°C-қа дейін көтеруге болады.
Кептіруді бағдарламалау
КЕПТІРУ реттегіші арқылы қажетті кептіру режимін таңдауға болады. Машинада екі режим көзделген:
А – уақыт режимі: 40 минуттан 180 минутқа дейін.
В кірдің дымқылдығына байланысты кептіру режимі:
Үтіктеу : үтіктелетін кірге арналған. Дымқылдау кір қатпарларды азайтып, жеңіл үтіктеуге жағдай жасайды.
Ілгішке : толық кептіруді талап етпейтін кірлерге арналған.
Шкафқа : үтіктелмей, шкафқа салынатын кірлерге арналған. Дисплейде көрсетіледі.
Егер жуылатын және кептірілетін кірдің салмағы рұқсат етілген максималды жүктемеден асатын болса
(Бағдарламалар кестесін қара), жуу циклін орындаңыз, жуу аяқталған соң, кірді бірнеше бөліктерге бөліп кептіріңіз.
«Тек қана кептіру» функциясын сипаттайтын нұсқаулықты орындаңыз. Қалған кірді кептіру үшін де аталған
операцияларды қайталаңыз.
Тек кептіру
ЖУУ ЦИКЛЫ тұтқасын матаның түріне қарай кептіру параметрлерінің біріне бұрыңыз (15-16), одан кейін КЕПТІРУ
тұтқасының көмегімен қажетті кептіру мерзімін таңдаңыз.
Функциялар
Осы кір жуғыш машинадағы әртүрлі жуу функциялары әрдайым қажетті нәтижелерге жетуге көмектеседі.
Функцияларды іске қосу үшін:
1. Қажетті функцияға сәйкес келетін түймені басыңыз;
2. тиісті индикатор шамы жанғанда функция қосылады.
Ескертпе:
- Таңдалған функция бағдарламаланған жуу циклымен үйлесімді болмаса, тиісті индикатор шамы
жыпылықтайды және функция қосылмайды.
- Таңдалған функция оған дейін таңдалған функциямен үйлесімді болмаса, таңдалған бірінші функцияға тиісті
индикатор шамы жыпылықтайды және екінші функция қосылады; қосылған опцияға сәйкес келетін индикатор
шамы жанып тұрады.
Кешіктіру таймері
Таңдалған бағдарлама үшін кешіктіріп бастауды орнату үшін, қажетті кешіктіру мерзіміне дейін жеткенше тиісті
түймені қайта-қайта басыңыз. Бұл опция қосылғанда, дисплейде таңбасы жанады. Кешіктіріп бастау опциясын
алып тастау үшін дисплейде «ӨШІРУЛІ» мәтіні көрсетілгенше түймені басыңыз.
қолдануға болатын жағдайларда, өте кір бұйымдар үшін опциясын қосыңыз. Осы опцияны басып,
циклге барлық жуу параметрлерін автоматты түрде қайта реттеп, ұзағырақ орындалуына мүмкіндік беріңіз. Бұл опция
температураны өзгертпейді, ал сығу циклін автоматты түрде ең жоғары деңгейге реттейді. Пайдаланушы сығу циклін
кез келген уақытта қажетті мәнге қайта реттей алады.
1/2 Сығу
Бұл түйме арқылы сығу жылдамдығы қысқарады.
Жекешелендіру
Vista de página 20
1 2 ... 16 17 18 19 20 21 22 23 24

Comentários a estes Manuais

Sem comentários